(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 23.12.2008 № 1221 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің
2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1221 Қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 13 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 1221 қаулысымен  

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Астана - 2008 жыл

 

Мазмұны

 

1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің миссиясы және пайымдауы

2. Ағымдағы жағдайды талдау

3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

4. Агенттіктің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлер

5. Нормативтік құқықтық актілер

6. Бюджеттік бағдарламалар

7. Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

 

1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің миссиясы және пайымдауы

 

Миссия

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделері теңгерімінің негізінде салалық реттеуші ретінде экономиканың инфрақұрылымдық салаларының тиімді жұмысы істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді.

Пайымдау

Реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің болжамды деңгейі, тиімді жұмыс істейтін субъектілер, инфрақұрылымға және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне кедергісіз және кемсітусіз қол жеткізу.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.